Ислам Махачев: Жекпе-жекті аузы жүйріктер емес, ақшаға зәру жігіт қабылдады

24 ақпан 2022, 18:29

UFC-де жеңіл салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

 

«Дариуш Бенеил жарақат алғанын естіген сәтте мен менеджеріме Рафаэль дос Аньосқа хабарласуды өтіндім. Өйткені оның қарсыласы Рафаэль Физиев виза мәселесімен бас ауыртып жатты. Алайда Рафаэль дос Аньостың бас тартқаны туралы естідім. Бұдан соң Тони Фергюсонға, Грегор Гиллеспиге, Майкл Чендлерге қоңырау шалуын сұрадым. Алайда Бобби Грин ғана келісім берді. Осылайша шайқасты үздік ондықтағы аузы жүйріктер емес, ақшаға зәру жігіт қабылдады», деді ресейлік спортшы өз ойын білдіріп.