Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Италия бапкерінен дәріс алдық

28 қаңтар 2011, 18:15

Дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы Талдықорғанда Азия чемпионаты алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп, осы біріншілікте ел намысын қорғайтын балуандар сапын анықтады.
Азия чемпионаты 21-24 мамыр ара­лы­ғында Тайпейде өтеді. Бас бапкер Ербол Қырғызбаев тай татамиінде мына жігіт­терге сенім артпақ:
60 келі: Саламат Отарбаев
66 келі: Сергей Ли
73 келі: Ринат Ибрагимов
81 келі: Александр Касачев
90 келі: Тимур Полат
100 келі: Максим Раков
Ең ауыр салмақ: Ұлан Рысқұл.
Бас бапкер құрама сапын іріктеу бары­сында тек 81 келі салмақта Тайпейге кімді апарарын білмей, ұзақ ойланды. Өз кезе­гінде Ербол Қырғызбаев:
– Бұл салмақта таңдауымыз үш ба­луанға түсті. Олар: Азия ойындарының кү­міс жүлдегері Алмас Атаев, жастар ара­сындағы турнирде жүлде алған Александр Касачев және ел чемпионы Мәди Құ­рымбаев. Мәди Шымкент қаласында өт­кен халықаралық турнирде өз мүмкіндігін толық көресете алмады. Ал Александр осы турнирдің жеңімпазы атанды. Сон­дықтан Касачевқа сенім артып отырмыз. Жетісу жеріндегі соңғы дайындық жұмысы жоғары деңгейде өтуде. Таза ауамен тыныстау балуандарға өте тиімді. Біз мұның алдында Ресейдің белгілі демалыс аймағы болып саналатын Адлер қала­сында болып, осы елдің ұлттық құра­ма­сымен бірге жаттықтық. Ресей құрама­сының бас бапкері италиялық маманның жаттығу жүргізу тәсілі біздің көңілімізден шықты. Мол тәжиірбе жинақтап қайттық. Енді соны Тайпейде жүзеге асырсақ жақсы болар еді, – деді.
Алайда бас бапкер Азия чемпионаты­нан қанша жүлде алу мақсат тұтылып отыр­­ғандығын айтпады. Құрама тізгінін жа­қында ғана қолына алғандықтан, Азия біріншілігі өзінің алғашқы ірі сынағы екендігін айтып, ағынан жарылды.
Бір айта кететіні, осы Азия чемпионаты алдында ҚР дзюдо федерациясы Азия және әлем чемпионаттарында, сондай-ақ Азия ойындарында топ жарған және жүл­деге ілінген балуандарға сыйақы тағайын­дағандықтарын жария етті. Нақтырақ айтқанда, әлем чемпионы атанған ба­луанға 25 мың АҚШ доллары, күміс медаль иеленген дзюдошыға 15 мың АҚШ доллары және қола жүлде еншілеген спортшымызға 5 мың АҚШ доллары кө­лемінде сыйақы тағайындап отыр. Азия ойындарының жеңімпазы 15 мың дол­лар­ды қалтасына басатын болса, жүл­де­герлерге 10 және 3 мың доллар бері­леді. Ал Азия чемпионына берілетін сый­ақы – 10 мың доллар. Екінші орынға 5 мың, ал үшінші орынға 1,5 мың доллар сыйақы тағайындалыпты.