Жалғас Жұмағұлов UFC чемпиондығына үміткер болған файтерді жекпе-жекке шақырды
Аралас-жекпе жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов амеиркалық Джон Додсонды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz тілшісі.
"Джон, сені жеңіл салмаққа қайта оралады деп естідім. Өз дивизионымды сенімен жекпе-жек өткізгім келеді. Октоганда кездесіп, қыздырайық. Мен кез-келген уақытта дайынмын", - деп келтіреді Жұмағұловтың сөзін MMA Fighters KZ-тің Instagram парақшасы.
ФОТО: www.instagram.com/p/CE_WFHolGbJ/
Еске салайық, Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 12 шілде күні Абу-Даби (БАӘ) өткізіп, төрешілер шешімі бойынша бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. Бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі төртінші жеңілісі еді. Отандасымыз 13 кездесуде жеңіске жетті.
Додсон болса жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуіне үміткер болған. Бірақ екі рет отандасы Деметриус Джонсонмен кездесіп, екеуінде де жеңіліп қалған.