Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Әбу-Дабиде UFC 257 турнирінде ең жеңіл салмақта жекпе-жекке шықты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
 
Оның қарсыласы швециялық Амир Альзаби (13-1) болды. Жекпе-жек үш раундқа созылды, нәтижесінде төрешілер жеңісті Альзабиге берді.
 
Бұл - Жұмағұловтың чемпионаттағы екінші кездесуі. Өткен жылдың 12 маусымында қазақстандық UFC-де дебют жасап, бразилиялық Раулиану Пайведен жеңіліп қалған.
 
Айта кетейік, UFC 257-дегі ең басты жекпе-жек ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасында өтеді.