Жалғас Жұмағұлов Дикий Арманға қатысты ойын айтты

16 маусым 2022, 20:06

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов әлі қамауда жатқан Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке деген көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

«Халқының лайықты перзенті. Мен ағамды жақсы білемін. Ол өз елінің патриоты» деп жазды файтер Instagram парақшасында.

 

Sports.kz хабарлауынша, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 5 маусымда өткізіп, АҚШ өкілі Джефф Молинадан (11:2) ұтылды. Қазақтар үшін бұл UFC-дегі төртінші жеңіліс болды.

 

Еске салсақ, бұған дейін сот шешімімен Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылған болатын.

 

Дикий Арман Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша: атыс қаруын заңсыз алу, зорлық-зомбылықпен, қиратуға ұштасқан тәртіпсіздіктерге қатысу, сондай-ақ абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша күдікті болып отыр.