Жалғас Жұмағұловтың МакГрегордың кардындағы жекпе-жегі UFC тунирін ашады
Сенбіден жексенбіге қараған түні Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында UFC 257 турниір өтеді. Бұл жарыста қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (13-4) пен швдециялық Амир Альбази (13-1) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
UFC 257 турнирінің басты оқиғасы америкалық Дастин Порье (26-6-0-1) мен ирландиялық Конор МакГрегор (22-4) арасындағы айқас болады.
 
Жұмағұлов пен Альбази жекпе-жегі турнирді ашып, алдын ала кардтағы бірінші кездесу болады. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 24 қаңтар сағат 5:15-те басталады. Басты кард сағат 9-ға жоспарланған, ал Порье мен МакГрегор шамамен сағат 11-де жұдырықтасады.
 
Еске салайық, Жұмағұлов промоушендегі бірінші жекпе-жегін UFC 251 турниірнде өткізіп, бразилиялық Раулиан Пайваға (20-3) есе жіберген.