Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбыл боксын Берлiбаев басқарады

30 мамыр 2011, 15:40

Қазақ боксы қайта құру дәуiрiн басынан кешiруде. Барлық аймақтарда жергiлiктi бокс федерациясының басшылығы қызметiне iскер азаматтар келiп жатыр.
Мұндай шара Жамбыл облысында да жалғасын тапты. Облыстық бокс федерациясы атқару комитетiнiң шешiмiмен, бұл өңiрдiң боксын дамыту Данияр Берлiбаевқа жүктелдi. Жаңа басшы алдымен бокс мамандарына сөз берiп, басқосуды басқаша өрбiттi. Нұрлан Ақүрпеков пен Феликс Цой секiлдi бапкерлердiң ұсыныстары мен талаптары табан астында қабыл алынып, бұдан былай немқұрайды көзқарастарға  жол берiлмейтiндiгi ескертiлдi. Өз кезегiнде Жамбыл облыстық бокс қауымдастығының президентi Данияр Берлiбаев:
– Жамбыл боксының әлемдiк спорттағы алатын орны айрықша. Демек, өзiмiзге белгiлi деңгейден төмендеуге жол жоқ. Қазiр облысымыздың түкпiр-түкпiрiндегi талантты боксшыларды iздестiрiп, олардың дұрыс жағдайда жаттығуларына мүмкiндiк жасаймыз. Тұрмыс жағдайларының түзелуiне күш саламыз, – дедi.
Шынымен-ақ, Жамбыл боксы бүкiл әлемге әйгiлi. Кешегi Серiк Қонақбаев пен бүгiнгi Мақсат Оспановқа дейiнгi бiрнеше буын өкiлдерi олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жеңiс тұғырына көтерiлдi. Бұл тұрғыда Болат Жұмадiлов, Ермахан Ыбрайымов және Бақтияр Артаев секiлдi бесаспап былғары қолғап шебелерi мен ел спорты саңлақтарын атап өтудiң өзi бiр ғанибет емес пе?!