Спорт

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми жарияланды

  • Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми жарияланды

    Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми жарияланды

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы «Сыйқыршы» лақап атпен танымал 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориа (16-3, 6 КО) болады. Өз елінде орта салмақтағы үздік боксшы. Кориа кәсіпқой рингтегі 19 жекпе-жектің үшеуінде жеңілген. Үш жеңілісті де төрешілер шешімімен ұтылған», - делінген хабарламада.
Осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегінде Гонсало Кориа 2019 жылдың 28 маусымында мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңіп, WBC FECARBOX орта салмақтағы титулын жеңіп алды.

Еске салайық, Әлімханұлы мен Кориа арасындағы жекпе-жек 9 қазанда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сенбі, 03.10.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31