Спорт

Жансая Әбдімәлік алты әлем чемпионы қатысқа турнирде сенсация жасады

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Швейцарияның Лозанна қаласында өткен элиталық әйелдер турнирінің жүлдегері атанды, бұл Гран-придің үшінші кезеңі, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық спортшы мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырғанымен, әлемнің ең мықты шахматшыларының үштігіне кірді. Алғашқы екі орынды грузиялық Нана Дзагнидзе мен ресейлік Александра Горячкина алды. Екі шахматшы да 11 турдан кейін жеті ұпайдан жинады, бірақ грузин ойыншысы қосымша көрсеткіштер бойынша турнирді жеңді. Дзагнидзе рапид пен блиц бойынша әлем чемпионы, ал Горячкина - әлем чемпионы атағына үміткер.

 

Әбдімәлік 6,5 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазынан ғана ұтылып қалды. Сонымен қатар, қазақстандықтың турнир қорытындысы бойынша топ-10 ойыншылар қатарында рейтингі төмен болды.

 

Айта кету керек, турнирге классикалық шахмат бойынша төрт әлем чемпионы қатысты. Бұл қазіргі әлем чемпионы қытайлық Жу Вендзуй (тоғызыншы орын), ресейлік Александра Костенюк (11-ші орын), болгар ойыншысы Антоанета Стефанова (алтыншы орын) және украиналы Мария Музычук (сегізінші орын).

 

Сондай-ақ, турнирде рапид пен блицтен әлем чемпионы украиналық Анна Музычук пен Еуропаның қазіргі чемпионы Алина Кашлинская өнер көрсетті. Әбдімәлік екеуімен де ойнап, тең нәтиже көрсетті.

 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31