Жансая Әбдімәлік жолдасымен қалай танысқанын айтты

03 мамыр 2023, 10:06

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде жан жолдасымен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол болашақ күйеуімен ортақ досы таныстырғанын айтты.

 

 

Сонымен қатар, 23 жастағы шахматшы жұбайының қолдауы барда ештеңеден қорықпайтынын да айтты. Ол өзінің жұбын тапқанына ата-анасы да, ата-әжесі де қуанышты екенін жасырмады.

 

 

24 сәуірде Жансая Әбдімәлік той суреттерімен бөліскен еді. 

 

Танымал спортшының жұбы 34 жастағы Нұрахмет Нұриев болып шықты, ал ол 1 желтоқсаннан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы болып қызмет атқарады.