"Жаныңды қағып алам". Шешен файтер қарсыласына жауап берді

14 сәуір 2022, 19:54

Шведциялық файтер Хамзат Чимаев (11-0) UFC 273 турнирінде жеңілген Гилберт Бернске (20-5) үн қатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Чимаев тартысты айқаста Бернстен 29:28 есебімен басым түскен еді.

 

Осыдан кейін америкалық ESPN телеарнасына берген сұхбатында үш-ақ раунд болғандықтан Чимаевты жеңуге уақыт жетпей қалғанын айтқан еді. Содан кейін бес раунд қажет деп, қарымтаға дайын екенін мәлімдеді.

 

"Бес раундты айқаста жаныңды суырып аламын. Көрісерміз, бауырым", - деп жауап жазыпты Хамзат Instagram желісінде.