ЖАРНАМА Шетелдік жанкүйерлер Рахмонов-Чимаев жекпе-жегінің жеңімпазы кім болатынын айтты

11 сәуір 2022, 23:09

Аралас жекпе-жектің шетелдік жанкүйерлері қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) пен Швеция атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев (11-0) арасында жекпе-жек өткен жағдайда, кім жеңімпаз болатынын қызу талқыға салуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Рахмонов Чимаевты сабап тастайтынына сенімдімін! Дана Уайт, өтініш, осы жекпе-жекті өткізші!", "Шавкат Рахмоновтың Чимаевқа қарағанда болашағы зор!", "Мүмкін дивизиондағы ең ұлы айқас болады" - деген пікірлер жанкүйерлер кімге басымдық бергенін көрсетуде.

 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Хамзат Чимаев әлеуметтік желі парақшасында Рахмоновқа тіл тигізген болатын.