Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жарылғапов турнирі талантты боксшылардың томағасын сыпырды

26 желтоқсан 2012, 13:09

Қарағанды қаласында бокстан Қазақ Кеңес Социалистік Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды.
Осымен 29-шы рет ұйымдастырылып отыр­­ған аталмыш додаға биыл Қазақ­стан­нан бөлек, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Моң­ғо­лия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қыр­ғыз­стан республикаларының да былғары қол­­ғап шеберлері келіпті. Ұйым­дас­тыру­шылар таратқан мәліметке сүйенсек, тур­нир­ге барлығы 143 боксшы тіркелген екен. Бә­секенің бас төрешісі Өзбек Қазиннің сө­зіне сенсек, турнир өте жоғары деңгейде өт­­кен. Барлық құрама Қарағандыға үздік бокс­­шыларын немесе екінші нөмірлі жі­гіт­те­рін алып келген.
Өзбек Қазин, халықаралық дәрежедегі АІВА рефериі, турнирдің бас төрешісі:
– Бұл біраз боксшылардың шыңда­луына сеп болған турнир деп есептей­мін. Оның үстіне, Әзірбайжан құрамасы жа­қында жастар арасында әлем чем­пионы атанған боксшыларын алып ке­ліпті. Қытай мен Қырғызстан құра­ма­ла­ры да ұлттық біріншіліктерінің же­­­ңім­­­паз­дары мен жүлдегерлеріне ар­қа сү­йеді. Яғни додада бәсекелестік жо­ға­ры болды.

Сондай-ақ турнирге Серік Сәпиев, Ер­махан Ыбырайымов, Василий Жиров сын­ды саңлақтар құрметті қонақ ретінде қа­тысты. Ал жалпы есепте төрт алтын, бір күміс, бес қо­ла еншілеген Қарағанды боксшылары топ жарса, екі алтыннан иеленген Шығыс Қа­зақстан облысы мен Астана боксшы­лары екінші және үшінші орындарды өз­ара бөлісті. Олардан бөлек, Алматы қа­ла­сы мен Ресей құрамасы да бір-бір ал­тынға ие­лік етті.
Турнир қорытындысы бойынша үз­дік­тер де анықталып, «Ең шебер бокс­шы» ата­ғы әзірбайжандық Шабан Шах­пе­лен­гов­ке бұйырды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын қарағандылық Абдулла Нұр­ғалиев иемденді.
Тағы бір айта кетерлігі, ұзақ үзілістен ке­йін шаршы алаңға Еркебұлан Шынәлиев қай­та шықты. Бейжің Олимпиадасында қо­лаға қол жеткізген саңлағымыз бұл тур­нир­де күміспен күптелді. 91 келіде өнер көр­сеткен Еркебұлан финалда Василий Ле­виттен жеңіліп қалды. Бірақ былғары қол­ғапты «бірде шешіп, бірде қайта кию­ді» әдетке айналдырып алған Шын­әлиев­тің бұл жолы боксқа қанша уақытқа келгені белгісіз. «Еркебұлан жатты­ғуға ақырындап кірісті. Алайда ол бұған дейін де боксқа бірнеше рет «қайта оралып», бірнеше рет «қолғабын шегеге ілген». Енді  не болатынын алдағы уақыт таразылайды», – деді бұл туралы ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.   
Жалпы, отандық бокстың тарихына сү­йен­сек, кезінде Ғалым Жарылғаповтың өзі де боксшы болып, спорт шебері атағына жет­кен. Кейін былғары қолғабын шеш­кен­нен кейін де шаршы алаңның айналасынан алыс­тай алмаған. Бапкер­лік­тен бастап, облыстық туризм және спорт комитетінің басшысы дәре­же­сіне дейін кө­терілген. 1984 жыл. Таш­кентте КСРО ха­лық­тарының спартакиадасы ұйым­дас­ты­рылып, оған Қазақстанның өкілі ретінде Ға­лым Жарылғапов та қатыс­қан. Сұм ажал білікті маманды сол жақтан тапты. Жекпе-же­ктер кезінде шаршы алаң­ның жанында қа­зақ боксшыларына жанкүйер болып отыр­ған Жарылғаповтың жүрегі ұстап, тіл­ге келместен қайтыс болған. Ал екі жылдан ке­йін, яғни 1986 жылы ұлы Нұрғазы Жа­рылғапов алғаш рет осы турнирді өткізуді қолғ­а алыпты. Міне, талай таланттың томағасын сыпырған дүбірлі дода содан бері жалғасын тауып келеді.

* Екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев бұл турнирді үш рет жеңген.
* Әлем чемпионы, Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин бұл турнирді бес рет жеңген.
* Әлемнің екі дүркін қола жүлдегері, Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жиров бұл турнирді бес рет жеңген.
* Әлем кубогының жеңімпазы, еңбек сіңірген спорт шебері Аркадий Топаев бұл турнирді жеті рет жеңген.

Турнир жеңімпаздары:
49 келі: Ақниет Балтабаев (Қарағанды)
52 келі: Әділхан Амангелді  (Қарағанды)
56 келі: Ерлік Әбдірайымов (Алматы)
60 келі: Абдулла Нұрғалиев (Қарағанды)
64 келі: Алмаз Тілеубергенов (Қарағанды)
69 келі: Манат Өмірзақов (ШҚО)
75 келі: Тимур Ганза (ШҚО)
81 келі: Дәурен Елеусінов (Астана)
91 келі: Василий Левит (Астана)
91+ келі: Алексей Емельянов (Ресей)