Спорт

Жарыс кезінде салмақ ауырлығынан пауэрлифтердің аяғы морт сынды (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

Ресейлік пауэрлифтер Ярослав Радашкевич Еуразия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан кезде аяғын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқыс оқиғаның видеосы Амурскінің жаңалықтар қызметінің "ВКонтакте" парақшасында жарияланды.


Спортшыға 250 келі зілтемірмен отырып-тұру керек еді. Ол жаттығуды сәтті бастап, кейін снаряд астында қалды. Оның жіліншегі жарақаттанып, сонымен қатар жілінші сүйегінің жабық жарақатын алған.


Кейін Радашкевич жарақаты жайлы айтып берді. 20 жастағы спортшының сөзінше, ол сәтті өнер көрсететіне сенімді болған. Бірақ ауырсынуға мән бермеген.



"Сіңір байламдары ауырсынып тұр деп ойладым. Ауырсынуды басатын дәрі ішіп алып, жаттығуды жалғастырдым", - деді ол.


Спортшы алған жарақатынан кейін, жаттығуға қайтадан оралатынына сенімсіз. Оның айтуынша, сауығу үшін оған жарты жыл керек. Айта кетейік, ол Ұлттық ашық кубоктің пауэрлифтинг, сығымдап көтеру мен зілтемірді күшпен тарту түрлерінен жеңімпаз, сондай-ақ Азия ашық кубогінің жеңімпазы. 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31