Спорт

Жарысқа Қазақстан туымен шығып жүр: Германияда туып, әлем чемпионы атанған қазақ қызы

  • Фото: Ясемин Қарабазардың жеке мұрағаты

    Фото: Ясемин Қарабазардың жеке мұрағаты

Еуропа құрлығында кикбоксингтен өтетін жекпе-жектерде топ жарып, әлем чемпионатында ешкімге дес бермей жүрген Ясемин Қарабазар есімін көпшілік біле бермейді.

 

Германияның Мюнхен қаласында туып-өскен ол түрлі жарыстарға сол елдің атынан шықса да, тарихи Отанын ұмытпай, жеңісінен соң рингке Қазақстан туын жамылып шығады деп хабарлайды Түркістан басылымы.

 

Ясемин Қарабазар 1989 жылы Германияның Мюнхен қаласында өмірге келген. Ол кикбоксингпен кәсіби түрде айналысады. Кандасымыз - халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте чемпионы. Спортшы үлкен рингтерге 2011 жылдан бас­тап шыққанын атап өтті.

 

"Қазір есептеп қарасам, осы тоғыз жылдың ішінде рингке 84 рет шығыппын. Германия чемпионатынан бастап, Еуропа және әлем чемпионаттарында топ жардым. Одан бөлек, Грекия, Италия, Португалия, Чехия, Украина, Түркия елдерінде өткен халықа­ра­лық жарыстарда бақ сынадым. Мұнымен қоса, Германияның көп қаласында өткізіл­ген жекпе-жек кештерінде жүлделі болдым", - деді Ясемин Қарабазар.

 

 

Ол байрақты бәсекелерде Қазақстанның туын үнемі алып шыға алмайтынын жасырмады.

 

"Негізі Германия елінде дүниеге келіп, осы елдің атынан қатысқан соң, көп ретте Германия туын алып шығамын. Бірақ бірнеше жекпе-жекте рингке шығар алдында жеке бапкерімнен Қазақстан туын алып шығуға рұқсат сұрадым. Ереже бойынша дұрыс болмаса да, рұқсатын берді. Негізі, тарихи Отаның­ның туын жамылып шығуға барлық жерде рұқсат берілмейді", - деді қандасымыз.

 

 

Ясемин Қарабазар Қазақстанда екі рет болғанын да атап өтті. "Біріншісінде Шымкент қаласына қыдырып бардым, екіншісінде ағам Алматы қаласының маңындағы Қас­ке­лең қаласынан қыз алып, құдалыққа барғаным бар. Сол себепті кіндік қаным тамбаса да, табаным тиген тарихи Отан­ның туын ұстап шығу &ndash мен үшін мәртебе", - деді ол.

 

 

Спортшы осы жылы пандемия салдарынан жарыс жолына шықпағанын, қазіргі уақытта шәкірт тәрбиелеумен айналысып жүргенін жеткізді.

 

 

"Соңғы рет былтыр Мюнхен қаласында болған жекпе-жек кешінде ринг­ке шықтым ғой деймін. Дегенмен қол қусырып отырған мен жоқ. Кикбоксингтен секция ашып, қазіргі таңда кезінде осы спорт­қа қатты қызыққан қыздарды жат­тық­тырып жүрмін. Одан бөлек, сақтандыру ісі бойынша қосымша жұмы­сым бар. Қазіргі таңда коронавирус салдарына бола кәсіби спортқа қатысты жоспар құрмайтын болдым", - деді қандасымыз.

 

 

Ясемин Қарабазар жақында жеке өмірінде жақсы жаңалық болатынын алға тартты.

 

"Жақында тұрмысқа шығамын, соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі кезекте жалғыз емеспін, сол себепті рингке шығу-шықпау туралы шешімді жолдасыммен ақылдасып шешетін боламын. Мүмкін, бұрынғыдан бетер мық­ты қалыпта оралармын, мүмкін қазіргі таң­да өзім баптап жатқан қыздарды рингке алып шығармын. Барлығы уақыттың еншісінде", - деді спортшы.

 

 

 




Көрілген: 6151    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.12.2020, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28