Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жастардың алғашқы ұпайы

07 маусым 2011, 11:01

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Еуро – 2013» іріктеу турнирін сәтті бастады. Тоғызыншы топтың алпауыты – Румыния құрамасымен кездескен жерлестеріміз өз қақпаларына гол жібермей, 0:0 есебімен тең тарқасты.
Румыния құрамасы, шынымен де, біздің топтың көшбасшысы саналады. Олай дейтініміз, жеребе тарту барысында бұл команда тобымызға бірінші себет арқылы келген. Құраманың ең жұлдызды ойыншысы Денис Алибец Италияның «Ромасында» ойнайды. Осы жайттардың барлығын ескерген біз, шынын айтсақ, жерлестеріміздің Румыниядан ұпаймен оралатынына сенбегенбіз. Алайда 90 минут бойы алаң иелерінің толассыз шабуылдарына тойтарыс беріп отырған жастар құрамасы ақыры тең есепке қол жеткізді. Рас, ойынның екінші жартысында қақпашымыз Самат Отарбаевтың қарсы­ластар шабуылшысы Матей Козминді шалып жыққаны үшін пенальти белгіленген. Қуанышымызға орай, пенальти орындау үшін нүктеге жақындаған әлгі Алибец 11 метрлік айып добынан мүлт кетті.
Румыния — Қазақстан – 0:0
Ойынның 55-минутында Алибец пенальти соға алмады.
Қазақстан: Отарбаев, Ахметов, Азаматов, Горячий, Шомко, Сариев, Тағыберген, Исламхан (Дубков 77), Жолшиев (Прокопенко 66), Щеткин (Бейсебеков 35), Лунин.
Қосалқы құрам: Қалменов, Қожабаев, Жолдасов, Аяғанов.