«Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы сыр тарқатты

«Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы сыр тарқатты

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Желтоқсан желі» әнінің авторы әрі орындаушысы, қазақтың сазгерлік өнерінде өзіндік шеберлігімен, табиғи талантымен, шынайы дарынымен ерекшеленіп, халқының, өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ілтипаты мен сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, сазгер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы Әбиірбек Тінәлі мен ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевтың қатысуымен "Ар намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан" атты кеші өтті.
Кеш барысында әнші, сазгер Әбиірбек Берденұлы бүгінгі күнге Желтоқсаншылардың гимніне айналған «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы шер тарқатты. Одан бөлек, ерекше дарын иесі алдағы шығармашылық жұмысы туралы сөз қозғады.
Ұйымдастырылған кеште мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев өзінің шығармашылығындағы қос әуенін көпшілікке орындап берді.
Аталған кешке қатысқан аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Талас жерінен шыққан сазгер, әнші Әбиірбек Берденұлы мен Бақыт Шағырбаевқа Талас жұрты атынан алғысын білдіріп, сый сияпатын табыс етті.
Атағы алты алашқа жайылған Әбиірбек Берденұлы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, көңілден кетпестей кеш ұйымдастырған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке және барша Таластық жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста