Спорт

"Жеңді, бірақ әсер қалдырмады": Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

  • "Жеңді, бірақ әсер қалдырмады": Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Данияр Елеусінов

Ол Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Елеусіновтің қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. 


Жартылай орта салмақтағы кездесу 8 раундқа жоспарланған және ол толық қамтылды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. 


Осылайша Данияр кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Олардың үшеуін қазақстандық боксшы нокаутпен аяқтаған. Ортис болса кәсіби мансабында 24-ші жеңіліске ұшырады. 


Украиналық VRinge.com кездесуді қорытындылады. 


"Төрешілердің шешімі бойынша кездесу 79:70, 79:71 және 79:71 есебімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. Ол жеңді, бірақ ешқандай әсер қалдырмады. Барлық Олимпиада чемпиондары мен әуесқой боксшылар кәсіби рингті бағындыра алмайды", - делінген материалда. 


Айта кетейік, Елеусіновтің кәсіби рингке келгеніне сәуірде бір жыл болады. Биыл боксшы чемпиондық белбеулер үшін таласады деп күтілуде. 


Stan.kz 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сенбі, 16.03.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31