Жеңілмеген қазақстандық германиялық нокаутшымен айқасқа шығады

27 қыркүйек 2022, 15:09

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Қособуцкий (18-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Alashainasy.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ал мұның алдында жеңілмеген қазақстандық нокаутшы германиялық Хуссейн Мухамедпен (17-0, 14 КО) жұдырықтасатыны хабарланған болатын.

 

Жекпе-жек 5 қараша Германияның Оберхаузен қаласында өтетін бокс кешіне жоспарланған. Бұл кездесуде Жанға тиесілі WBC International титулы сарапқа салынады.