Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жұлдызды жазбай таныңыз

27 қаңтар 2011, 16:56

Осы суретке байланысты редакциямызға өте көп хаттар түсіп, оқырмандарымыз «суреттегі кейіпкердің кім екенін танып тұрмын» деп үздіксіз хабарласатынына сенімдіміз. Өйткені бүгінгі нөмірдегі суреттің кейіпкерін бір қарағаннан-ақ тануға болады. Келісесіздер ғой? Ендеше, жауаптарыңызды күтеміз.

А) Шәкен АЙМАНОВ
Ә) Ғұсман ҚОСАНОВ
Б) Әбділдә ТӘЖІБАЕВ
В) Заманбек НҰРҚАДІЛОВ
Бүгінде оқырмандарымыз жұлдыз­да­рымызды жазбай танитын жағдайға жа­қындап қалды. Мәселен, осының ал­дында белгілі футбол ардагері, бүгінде Қа­зақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқаратын Сейділдә Байшақовтың жас кезіндегі суретін назарларыңызға ұсынған едік. Осы­ған байланысты редакциямызға ар­тық-кемі жоқ 57 оқырманымыз хабар­ласып, соның төртеуі ғана дұрыс жауап­тан жаңылды. Бір қызығы, жауаптан қателескен төрт оқырманымыз да Сей­ділдә ағаны қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Әлжан Жармұ­хамедовпен шатастырып жатты. Соған қарағанда, қос тұлғаның арасында тит­тей де болса, бір ұқсастық бар-ау. Бірақ зер сала қараңыздаршы, Сейділдә аға­ның мүлдем бөлек тұлға екенін бай­қайсыздар.