Жұмағұлов айқас алдында мәлімдеме жасады

29 мамыр 2022, 11:01

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (14-6) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC Fight Night 207 турниріне дайындығымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Соңғы жаттығуларды шыңдап жатырмыз. Дүйсенбі күні айқас өткізу үшін Вегасқа жол тартамыз. Әлхамдулилла, бабым жақсы. Сіздерді жеңіспен қуантамын. Мүлдем басқа болып оралдым", - деп жазды Жұмағұлов инстаграм парақшасында.

 

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 5 маусымда Жалғас Жұмағұлов америкалық Джефф Молинамен (10-2) кездеседі. Отандасымыз октагонға алғашқы кардтарда шығады.

 

Ал кештің басты жекпе-жегі Александр Волков пен Жаирзиньо Розенстрайк арасында өтеді.