Жұмағұловты жеңген бразилиялық өзге қазақстандықпен айқас алдында мәлімдеме жасады

16 маусым 2022, 19:06

Бразилиялық Раулиан Пайва қазақстандық Сергей Морозовпен UFC-дегі жекпе-жек алдында әлеуметтік желіде пост жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Өте жеңіл салмақтағы бұл айқас 25 маусым Лас-Вегаста өтеді.

 

"25 маусымдағы жекпе-жек алдындағы чемпиондармен соңғы спаррингім. Келесі апта, сенбіде жеңіске жетеміз. Көп рахмет достар", - деп жазапты спортшы Instagram желісінде.

 

 

Айта кетейік, Морозовтың бұл қарсыласы 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты UFC-дегі алғашқы айқасында жеңген болатын.