Спорт

Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео

  • Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео

    Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео

Сербияның бокс одағы төрешілер жеңісті қазақстандық спортшы Теміртас Жүсіповқа бере салды деп мәлімдеді. Сербия астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Теміртас Жүсіповтың (48 келі) жеңісінен кейін жанжал шықты. Осы елдің бокс одағы төрешілердің шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.  

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Теміртас Жүсіпов серб Омер Аметовичпен кездескен. Қызықты әрі тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Алайда Сербияның бокс одағы төрешілерді әділетсіз шешім шығарды деп санайды.

"Төрешілердің шешімі біздің боксшымызға қарсы шығарылды. Сол себепті ол жеңісінен айырылып қалды. Дәл сондай ұрлықтар серб боксшылары қатысқан бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерде болды. Сол кезде төрешілер бірінші раундтарды қарсыластарға беріп отырған. Ол раундтарда біздің боксшыларымыз таза жеңіске жетті", - дейді одақ президенті Слободан Джурич.

Оның айтуынша, бапкерлер жекпе-жектердің нәтижесін апелляцияға берген.

Айта кетері, Теміртас Жүсіпов бірінші болып турнирдің ширек финалына шықты.

Белград қаласына 13 боксшымыз аттанды.

Олар:

Теміртас Жүсіпов (48 келі);
Сәкен Бибосынов (51 келі);
Махмұд Сабырхан (54 келі);
Серік Теміржанов (57 келі);
Саматәлі Төлтаев (60 келі);
Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
Асланбек Шымбергенов (71 келі);
Нұрқанат Райыс (75 келі);
Нұрбек Оралбай (80 келі);
Бек Нұрмағанбет (86 келі);
Айбек Оралбай (92 келі)
Нұрлан Сапарбай (+92 келі).
Үш боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Мадияр Саидрахимовтан ұтылса, Нұрлан Сапарбай (+92 келі) бірінші айналымнан аса алмады. Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) бразилиялық Кено Мачадодан жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтын медаль алғандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.11.2021, 11:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31