Жындыханадан қашқан файтер әйгілі Емеляненконы талдырып тастады

26 қыркүйек 2022, 15:35

Вячеслав Дацик Ресейде өткен Hardcore Boxing турнирінің басты айқасында Александр Емельяненконы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл туралы vesti.kz тілшісі " target="_blank">"FightSpace" телеграм арнасы сілтеме жасап жазды. 

Жекпе-жек бірінші раундтың 13-секундында аяқталды.

 

"Есінеп кетіппін. Қарымта керек. Сөз беремін, түзелемін", - деп береді басылым Емельяненконың сөзін.

 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Дацик қарымтаға келісім беріпті, тараптар шарттарын талқылауда.

 

 

Айта кетейік, 2010 жылы Дацик Ленинград облысындағы жындыханадан қашып, Норвегия қашып өткен еді.