Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуінің иегері атанды

13 желтоқсан 2021, 12:12

Алматыда өткен бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын жеңіп, WBA Gold белбеуін иеленді. Бұл Қамшыбектің кәсіби рингтегі төртінші жеңісі болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен Стивен Уорд (13-1, 4 КО) арасындағы кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Боксшылар WBA Gold нұсқасы бойынша белбеуді сарапқа салды. 


Қазақстандық боксшы Али Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді


Кездесу басында қос боксшы белсенділік танытпады. Тек бесінші раундта Қоңқабаев жойқын соққылары арқылы Уордты ринг ортасынан ығыстыруға тырысты. 

Жетінші раунда Стивен Уордтың қабағы жарылып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Қоңқабаев жеңіске жетті. 

Бұл Қамшыбек Қоңқабаевтың Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы кездесуі болды. 

Аталмыш бокс кешінде қазастандық боксшы Сұлтан Заурбек (12-0, 8 КО) алтыншы раундта британиялық Райан Уилерді (16-2-1) нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European белбеуін қорғады.