Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Канело" Аргентинаның Катардағы жеңісі жайлы ойын ашық айтты

23 желтоқсан 2022, 15:15

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессимен сырттай жанжалы мен құраманың Катардағы жеңісі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Аргентина мен Мексика матчінен кейін боксшыға шешінетін орында мексикалық ойыншылардың бірінің жерде жатқан футболкасына Мессидің аяғы тиіп кеткені ұнамады.

 

"Канело" Мессиді қорқытты. Іс насырға шабуы мүмкін

 

"Мен елімді әрдайым қорғаймын. Иә, кейбір дүние менің бақылауымнан шығып кеткен болар. Бірақ бұл үйрену үрдісі. Бәрі дұрыс, Аргентина жеңгеніне қуаныштымын. Олар бұған лайықты болды, олардың бәрін құттықтаймын", - деп беріпті Саульдің сөзін журналист Майкл Бенсон Twitter желісінде.