Спорт

Канело атақты Калеб Плантты жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанды

  • Канело атақты Калеб Плантты жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанды

    Канело атақты Калеб Плантты жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанды

31 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол бүгін, 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізді. Олар "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты. 


12 раундтық жекпе-жек соңына дейін жетпеді. Альварес бірінші раундтан бастап үстемдік етті. 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін америкалық боксшыны нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Альварес қатарынан сегізінші жекпе-жегінде жеңіп отыр. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл мексикалықтың карьерасындағы 57-жеңіс, 39-шы мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал План алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Оның қанжығасында 21 жеңіс бар. 

Айта кетейік, "Канело" жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.11.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31