Спорт

«Канело» Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

  • «Канело» Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

    «Канело» Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен дайынмын.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін өз жоспарлары туралы айтып, қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Хабар 24.

"Мен үшін тағы төрт жекпе-жек өткізу – қалыпты жағдай. Үш немесе төрт жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді", – деді Альварес.

Сондай-ақ «Канело» орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты.

"Менің Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Неге жекпе-жек өткізбеске? Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Үздіктермен жұдырықтасуға әрқашан дайынмын", – деп толықтырды ол. 

Альварестің Головкинмен 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Тура бір жылдан кейін қарымта кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Альварес Плантты 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, супер орта салмақ тарихындағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды.




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 09:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31