Спорт

«Карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы» - Илья Ильин

  • «Карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы» - Илья Ильин

    «Карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы» - Илья Ильин

Белгілі спортшы, ауыр атлет Илья Ильин Instagram желісінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездескені туралы жазба қалдырды. Спортшының айтуынша, кездесуді карантин режиміне сәйкес қол беріп амандаспай, арақашықтық сақтап өткізген.

«Кездесудегі мақсат – жақын танысып, спорттағы, өмірдегі алдағы жоспарым туралы бөлісу. Мен түрлі белестерді бағындырып, жетістікке жеткен жандардың пікірін қатты құрметтеймін. Солардың бірі – Гүлшара Наушақызы. Олимпиададағы карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы екенін және алдағы уақытта қолым босап, өзімді басқа салада сынап көруге дайын екенімді жеткіздім. Сол салалардың бірі – спорт менеджменті», - дейді спортшы.

Өңір басшысы Илья Ильиннің қызметтегі карьерасын өзінің туып өскен жері Қызылорда облысынан бастау туралы ойын қолдаған.

«Мен Қызылордада дүниеге келдім. Облыстағы, еліміздегі спорттың дамуы үшін еңбек етуге дайынмын. Бұл ойымды Гүлшара Наушақызы да қолдады. Ол үшін алғысымды айтамын», - деп жазды ол.

Skifnews.kz




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 19:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31