Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындары жайлы пікір білдірді

09 тамыз 2021, 21:41

Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

 

"Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет", - деді ол.

 

Қазақстан спортшылары Токио Олимпиадасында 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген болатын.

 

"Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді", - деді Тоқаев.

 

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды.

 

Медаль алған қазақстандықтар:

 

Елдос Сметов (дзюдо);

 

Игорь Сон (ауыр атлетика);

 

Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);

 

Нұрислам Санаев (еркін күрес);

 

Дархан Асаділов (карате);

 

Софья Берульцева (карате);

 

Сәкен Бибосынов (бокс);

 

Қамшыбек Қоңқабаев (бокс).

 

 

 

sputnik.kz