Қатыгездеу жеңіс. ММА файтері қарсыласын шынтақпен есінен танғанша ұрды

15 қараша 2021, 09:06

Америкалық спортшы Коди Ло Голливудта өткен Bellator 271 турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

26 жастағы Ло жартылай жеңіл салмақ лимитінде 28 жастағы отандасы Колтон Хэммен жұыдырықтасты. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.

 

Осылайша, жеңіліс көрмеген Коди Ло Bellator промоушенінде бесінші жеңісіне жетті. Ал Хэмм төртінші рет жеңілді, оның тағы төрт жеңісі бар екен.