Спорт

«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» ойнайды

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Сәуір айының соңында Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» өтетіні белгілі. Сол жарыстың жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселона» клубымен күш сынасады.


«Барселона» ­- қарт құрлықтағы ең белді командалардың бірі. Іргетасы 1986 жылы қаланған клуб Испания чемпионатында үш рет (2011, 2012, 2013) топ жарып, ел кубогын төрт мәрте (1989, 2011, 2012, 2013) олжалады. Өз еліндегі Король кубогында төрт рет (2011, 2012, 2013, 2014) жеңімпаз атанды. УЕФА кубогы жолындағы жарыста екі мәрте (2012, 2014) дара шықты.


Ал «Қайраттың» жүріп өткен жолы өздеріңізге мәлім. Алматылық ұжым Қазақстан чемпионатында 16 мәрте топ жарып, 14 рет ел кубогын және 4 рет суперкубокты иеленді. 2013 және 2015 жылдары жерлестеріміз УЕФА кубогында бас жүлдені еншілесе, 2014 жылы әлем суперкубогын олжалады. Екінші жартылай финалда Португалияның «Спортингі» мен Испанияның «Интер-Мовистар» клубтары күш сынасады. Бұл бәсекелер 26 сәуірде өтеді. Ал УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы 28 сәуірде анықталады.


 «Egemen Qazaqstan»




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31