Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қайрат» Пехлеванидиді шақырды

07 желтоқсан 2012, 12:34

Бұрынғыдай жанкүйерлер сүйіспеншілігіне бөленіп, азулы командаға айналуды көксеп жүрген «Қайрат» бапкерлер құрамын нығайтып жатыр.
Осыдан бірнеше күн бұрын бас бап­керлік қызметке көпшілікке кеңінен та­ны­мал Словакия маманы Владимир Вайсс та­ғайындалса, жақында бір кездегі өзінің үз­дік шабуылшыларының бірін клуб құра­мына алды. Нақтырақ айтқанда, енді Ев­ста­фий Пехлеваниди «Қайрат» клубының бар­лық жас мөлшеріндегі команда­ла­рының шабуылшыларына жаттықтырушы болып бекітілді.
Команда басшылары Евстафийдің өз ко­мандасына оралуға келісім бергеніне қуа­нышты. Оның мол тәжірибесі мен ше­бер­лігі өскелең ұрпақтың бесаспап ша­буыл­шы болып қалыптасуына, ал кәсіби фут­болшылардың деңгейлерін көте­ру­ле­ріне көмектеседі деген сенімде. Әрі «Қай­рат­тың» қайтадан азулы да, айбынды болып қалыптасуына осы команданың ше­жіресін тарихқа өз өнерлерімен «жазып» қал­дырған футболшылар ықпал ете алады деп, ардагерлерін дәріптеуде.
Пехлеваниди болса өз өмірінің ұмытылмас жылдары өткен сүйікті клубына қайта оралғанына дән риза. «Күш-қуатым тасып тұр, бар тәжірибемді өз клубымның мүддесіне жұмсауға әзірмін» деп, жұмысқа кірісуге құлшынып отырғандығын біл­діріпті. Әрі өзі үшін «Қайраттың» жай ғана клуб емес, өмірі екендігін баса айтқан.
Бұл «Қайраттың» өзінің үздік ойын­шы­ларын қайтадан құрамына жинауының ба­сы ғана сияқты. Мүмкін, алдағы уақытта та­ғы да осындай жаңа тағайындалымдар жүзеге асар.