Қазақ файтер Naiza турнирінде ZFC чемпионымен жұдырықтасады

23 қыркүйек 2022, 15:11

23 қыркүйекте өтетін NAIZA 44 турнирінің басты айқасында Айдын Көдекке басқа қарсылас табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында Айдын лига чемпиондығы үшін Еламан Шертаевпен жұдырықтау керек боғлан, алайда, Шертаев салмақ лимитін орындай алмады. Енді қазақ файтердің қарсыласы кореялық Су Енг Ю болады.

 

"Су Енг талаптардың бәріне сай келеді. Ол BLACK COMBAT пен ZEUS FIGHTING CHAMPIONSHIP лигаларының чемпионы, бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері.

Naiza-ға дейін UAE WARRIORS, BLACK COMBAT, ZEUS FIGHTING CHAMPIONSHIP, PANCRASE секілді әлемге танымал лигаларда жекпе-жек өткізеді. Naiza 44 кардында тағы бір қызық айқас болатынына сенімдімін", - деп атап өтті Naiza матчмейкері Жандарбек Киссимов.

 

Айта кетейік, Су Енг 5 наурыз күні өткен Naiza турнирінде Жұман Жұмабековпен кездесу өткізуі керек еді, алайда, коронавирус шектеулеріне байланысты келе алмады.