Қазақ файтер UFC-мен келісімшартқа отырды

16 қараша 2018, 17:45

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшарт жасаты, - деп хабарлайды "Чемпионат".

27 жастағы спортшы барлық жарыста Ресей атынан жұдырықтасады.

Исмағұлов М-1 аясында жұдырықтасып, 18 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен. Соңғы рет ол 15 маусым Орынборда жұдырықтасты. Алғашқы раундтың төртінші минутында белорус Артем Дамковский қарсыласы Исмағұловқа шабуылдап, қолын сындырып алады да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Исмағұлов жеңіл салмақта М-1 чемпиондығын қорғап қалды.

Дамирдің UFC-дегі алғашқы қарсыласының есімі жақын арада белгілі болады.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ емес. Мұның алдында Қытайда өскен Жұмабек Тұрсын осы ұймыммен келісім жасасқан еді.

vesti.kz