Спорт

Қазақ файтердің титулды жекпе-жегі Мәскеудегі турнирдің басты оқиғасы болады

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Бүгін, 9 қыркүйек Мәскеуде ресейлік FIGHT NIGHTS GLOBAL және GFC лигалары ұйымдастырған бапкер Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнир өтеді. Бұл жекпе-жектер кешінде жеті бірдей қазақстандық файтер жұдырықтасады, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Қазақстандық спортшылардың барлығы дерлік Arlan MMA Pro Team өкілдері.

 

Ал шоудың басты айқасында GFC ұйымының уақытша чемпионы Дәурен Ермеков ресейлік Владимир Минеевпен кездесу өткізеді. Бастапқыда спортшылар FIGHT NIGHTS GLOBAL және GFC лигаларының біріктірілген белбеуі үшін жұдырықтасу керек болған, алайда, енді FIGHT NIGHTS GLOBAL титулы ғана сарапқа салынатын болды. Осылайша, Ермеков жеңіліп қалса да, GFC белбеуінен айрылмайды.

 

Марқұм Абдулманап Нурмагомедовтың ұлы, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов кештің құрметті қонағы болады.

 

Турнир көрермендердің қатысуымен өтеді. Залдың 50 пайызына орналасуға рұқсат етілді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 21:00. "Хабар" арнасы тікелей трансляция жасайды.

 

Турнирдің толық құрамы мынадай:

 

Дәурен Ермеков - Владимир Минеев

Усман Нурмагомедов - Святослав Шабанов

Мухаммед Эминов - Мұратбек Қасымбай

Аль Абдула - Иван Еременко

Гойти Дазаев - Максим Буторин

Сабит Жүсіпов - Рилдечи Диас

Иван Шпедт - Артур Пронин

Хасан Магомедшарипов - Тимур Акаба

Юсуп Шуаев - Тельман Шерифов

Дархан Бәкенов - Владимир Брик

Азамат Марқабаев - Никита Болтабаев

Шамиль Ирасханов - Абдурасул Уулу

Шахбан Алхасов - Имамали Орозбек

Роман Силагадзе - Давид Лобанов

Миромшох Джафаров - Гела Беридзе

Сұлтан Жолдошбек - Грант Акопян

 

Айта кетейік, осынша қазақстандық файтер алғаш рет шетел турниріне қатысып отыр.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 14:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31