Спорт

Қазақ күресі енді тұтасымен Кәрім Мәсімовтің қарауында болады

  • Қазақ күресі енді тұтасымен Кәрім Мәсімовтің қарауында болады

    Қазақ күресі енді тұтасымен Кәрім Мәсімовтің қарауында болады

Кәрім Қажымқанұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясына бірігуін үлкен жетістікке балады.
Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды «Айқын» газеті.

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Конгресі болып өткен жаңа қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Қауымдастық өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды», - деді ол.

Сондай-ақ, Кәрім Қажымқанұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясына бірігуін үлкен жетістікке балады.

Қазақ күресін әлемдік аренада дамыту мақсатында қауымдастық Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 08:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31