Қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта терең ұйқыға жіберді

22 желтоқсан 2022, 10:25

Жұмабек Тұрсын (22-10) Алматыда өткен MMA OCTAGON 38 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмабектің қарсыласы осыған дейін бір ғана рет жеңілген ирандық Ясер Ашаури (4-2) болды.

 

Жекпе-жек бірінші раундтың 32-секундында аяқталды, қазақ файтер қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

 

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытай азаматы болып тұрғанында UFC-де өнер көрсеткен. Ол осы бір әлемдік промоушендегі бірінші қазақ болып есептеледі.