Орынбор тумасы және UFC тарихындағы екінші қазақ Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидта UFC Fight Night аясында дебют жасайды. Ол ирландық Джозеф Даффимен (17-3) айқасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Ирландық спортшы бұрын кәсіби боксшы болып, рингте 7 айқас өткізген.
Бірақ, Даффидің өмірбаянындағы ең қызықты факті мынау: Бірнеше жыл бұрын ол ұйымның танымал боксшысы Конор Макгрегорды нокаутқа жіберген еді.
Даффи мұны өте тез жасады - бар-жоғы 38 секундтың ішінде нокаутқа түсірді.
Дамир Исмағұлов UFC Fight Night аясында ирландыққа қарсы бокспен қатар, джиу-джитсу және таэквандо элементтері бар жекпе-жекке шығады.
Кештің басты айқасында Джуниор Дос Сантос пен жергілікті жұлдыз Тай Туиваса жұдырықтасады.