Спорт

Қазақ спортының "секс сұлуы" кім?

  • Сәбина Алтынбекова (волейбол)

    Сәбина Алтынбекова (волейбол)

  • Сана Жарылғасова (волейбол)

    Сана Жарылғасова (волейбол)

  • Мәриям Ордабаева (дзюдо)

    Мәриям Ордабаева (дзюдо)

  • Айнұр Керей (мәнерлеп жүзу)

    Айнұр Керей (мәнерлеп жүзу)

  • Әлия Баткүлдина (волейбол)

    Әлия Баткүлдина (волейбол)

  • Эльмира Айғалиева (жүзу спорты)

    Эльмира Айғалиева (жүзу спорты)

  • Валерия Цой (сноуборд)

    Валерия Цой (сноуборд)

  • Анна Алябьева (көркем гимнастика)

    Анна Алябьева (көркем гимнастика)

  • Екатерина Айдова (конькимен жүгіру)

    Екатерина Айдова (конькимен жүгіру)

  • Зарина Тухтиева (шайбалы хоккей)

    Зарина Тухтиева (шайбалы хоккей)

  • Юлия Волошина (футбол)

    Юлия Волошина (футбол)

  • Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика)

    Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика)

  • Майя Манеза (ауыр атлетика)

    Майя Манеза (ауыр атлетика)

  • Галина Воскобоева (теннис)

    Галина Воскобоева (теннис)

  • Зарина Дияс (теннис)

    Зарина Дияс (теннис)

Кейінгі жылдары спорт саласында "ең әдемі спортшы қыз" немесе "спорттағы секс ару" деген номинациялар бойынша әр түрлі бәйгелер жүргізіліп, әр қилы тұжырымдары шығарыла бастады, деп жазады "Алаш айнасының" тілшісі.
Әлбетте, көптеген спорт басылымдары мұндай бәйгені өздеріне оқырман жинау үшін жүргізеді. Оны жоққа шығара алмаймыз. Заман талабы солай. Тазы болып шалу керек. Ал әдемі қыздар (әсіресе, жартылай жалаңаштандырып, иықтарын жарқыратып, бөкселерін бұлтитып қойса).., қашанда ел назарын бірден өзіне аударады.
Бәлкім, әу баста "ең әдемі қыз" (немесе "ең сұлу спортшы қыз") деген бәйге-байқаулардың кейіннен "секс ару" ("спорттағы секс ару" немесе "сексуалдьды спортшы қыз") деп өзгертіліп, түлеп шыға беруі де сол заман талабына сай болса керек.
Мұны төрткүл дүниеге тамырын терең жайған жаһандық үрдіс десек те болар. Осы замануи үрдістен Қазақстан да шет қалған емес. Біздегі қайсыбір спорттық басылымдар да әр түрлі және бірнеше рет осындай бәйге-сауалнамалар өткізді.

Онда көбінесе Сәбина Алтынбекова, Сана Жарылғасова, Әлия Баткүлдина (бәрі де – волейбол), Эльмира Айғалиева (жүзу спорты), Мәриям Ордабаева (дзюдо), Валерия Цой (сноуборд), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру), Анна Алябьева (көркем гимнастика), Айнұр Керей (мәнерлеп жүзу), Зарина Тухтиева (шайбалы хоккей), Юлия Волошина (футбол), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зарина Дияс (теннис), Галина Воскобоева (теннис), Майя Манеза (ауыр атлетика) сынды аруларымыз "сұлу қыздар" тізіміне көп ілікті. Мүмкін, басқа да қыздарымыз болған шығар, егер біз қайсыбір қыздарымызды ұмытып кетсек, оған ешкім де ренжімес деп ойлаймыз.
Бір қызығы, спортшы қыздарымыздың көбісі мұндай бәйге-сауалнамалардың қорытындысына риза емес сияқты. Жақында Инчхонда өткен ХVІІ жазғы Азия ойындары барысында қыздарымыздың көбісімен тілдесудің сәті түсті. Сонда олардың пікірлері "біздің елдегі мұндай бәйге-сауалнамаларда барлық спортшы қыздарымыз қамтылмаған" дегенге саятынын байқадық. Мысалы, Инчхонда алтынмен апталып, күміспен күптелген ескек есу спортының қас шебері Наталья Сергеева "сондай сауалнама, бәйгелерді жүргізетін кімдер, олар спортшылардың бәрін танитын немесе түгелін көзбе-көз көрген жуналистер ме" деп мән-мазмұны салмақты сұрақ қойды...
Біздіңше, бұл "Қазақстандағы ең әдемі спортшы қыз" номинациясына ілікпей жүрген қыздарымыз баршылық дегенді білдіретіндей. Өйткені біздің елде спорт жарыстары мен додалары теледидар арқылы көп көрсетілмейді. Тек соңғы жылдары ғана "Казспорт" арнасы үздіксіз жұмыс жасап, халық спортгшыларымызбен енді ғана жақынырақ "таныса" бастады.
Ал спортшы қыздарымыздың көбісіне мұндай бәйге-сауалнамалардың өткізілуі ұнайтындай. Тіпті фотосессияны жек көрмейтін қыздарымыз көп сияқты...
Бір қызығы, осы отандық сұлу қыздар тізіміне ілігіп жүрген аруларымыздың кейбіреулері бірін-бірі "танымайтындай". Аты-жөнін айтпай-ақ қояйық, жақында сымбатына көпшілік сұқтанған бір сұлу спортшы қызымыз "Сәбина Алтынбекованы білмейтіндігін, ол жайлы ештеңе естімегендігін" айтты. Бір жағынан "Шынымен де ештеңе естімеген бе" деп таңдансақ, екінші бір ойымыз "бұл таза әйел затына сай – тәкапарлық пен наздану" деп, сездірмей жымидық...
Жалпы, "ең әдемі спортшы қыз" немесе "спорттағы секс ару" деген сауалнамалар ұйымдастырған дұрыс па осы? Мүмкін, спорт сүйер қауым мен отандық спорт әлемі ең әдемі қыздармыздың кімдер екендігін білгені де дұрыс шығар. Тек ешкім де тасада қалып қоймай, нағыз қас сұлулар арасында жүргізілсе, мұның ешқандай да сөкеттігі жоқ шығар...

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 7257    Пікірлер: 1

жұма, 17.10.2014, 12:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31