Спорт

Қазақстан азаматы гір көтеруден әлем рекордын жаңартты

  • Қазақстан азаматы гір көтеруден әлем рекордын жаңартты

    Қазақстан азаматы гір көтеруден әлем рекордын жаңартты

Венгрияның Будапешт қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 32 елінен 650-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды
Ардагерлер арасында 73 келіге дейінге салмақта ел намысын қорғаған Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттықтырушысы Серік Абдахин әлем ректордын жаңартты. Серік Абдахин 24 келілік екі гір тасын 10 минутта 123 рет жұлқып және 185 сермеп, жалпы қоссайыстың қорытындысы бойынша 215,5 рет көтерді. Осылайша ол өзінің 2019 жылы Сербияда өткен әлем біріншілігіндегі рекордтын жаңартты. Ал Сербияда 24 келілік екі гір тасын 205 рет көтерген болатын, дейді елорда әкімдігінің ресми сайты.

Серік Абдахин ардагерлер арасында әлем чемпионы атанса, жарыстың күміс және қола жүлделері ресейлік спортшыларға бұйырды. Вячеслав Авдонин гір тастарын 205 рет көтеріп, екінші орынды жеңіп алса, Евгений Рыбаков 189 рет көтеріп үшінші орынға жайғасты.

«Әлем чемпионатына 17-рет қатысуым. Соның ішінде 22 рет чемпион атандым. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Соңғы рет 2019 жылы өз рекордымды жаңартқан болатынмын. Бұл жолы да әлем рекордын жаңарту бұйырыпты. Аллаға шүкір. Бұл жеңісім жастарға үлгі болса деймін. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз 7 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Қуаныштымыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының аға-жаттықтырушысы Серік Абдахин.
Жалпы командалық есепте ел құрамасы үшінші орын иеленді.




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 16:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31