Қазақстан Ташкентте самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі медаль алды

14 қараша 2021, 12:58

Ажар Салықова әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстанда Ташкентте самбодан өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Sports.kz сайты. 

Қазақстандық Ажар Салықова әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Ол финалда 65 келіге дейінгі салмақта украиналық Юлия Гребеножкоға 0:1 есебімен ұтылды. 
Тағы бір күміс медальды бүгін Қазақстан қоржынына 72 келі салмақта сынға түсіп жатқан Ділдаш Құрышбаева салды. Ол финалда Израиль спортшысы Алис Шлезингерге жол берді. 

Осылайша, қазақстандықтардың 2021 жылғы әлем чемпионатында жеңіп алған медальдар саны 6 болды. Осыған дейін алтын медальды Рахат Жанәниет пен Гүлдана Әлмұхамбетова жеңіп алған болатын. 

Сондай-ақ күміс медальға Райхан Мәди қол жеткізді. Ал қола медаль Болатбек Райымқұловқа бұйырды.
#медаль #самбо