Қазақстан тумасы UFC ұйымында жылдың ең үздік нокаутына үміткер болды (видео)

27 желтоқсан 2021, 09:09

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев "Чемпионат" порталының нұсқасы бойынша UFC ұйымында жылдың ең үздік нокаут жүлдесіне үміткер атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

Еске салайық, желтоқсан айының басында Рафаэль Физиев (11-1) UFC Veags 44 турнирінде Жаңа Зеландия елінің өкілі Брэд Ридделмен (10-2) кездесіп, нокаутпен жеңген болатын.

 

 

"Физиев мұндай қарқынмен жуырда жеңіл салмақтың басты жұлдызы болады. "Атаман" деген лақап аты бар файтер 2020 жылы атын шығарып, биыл өзінің абыройын арттыра түсті. Рафаэль туралы жұрт жиі айтып жүр. Ол америкалық ММА шоуларының танымал қонағы болуда. Ағылшын тілін жақсартып, көрерменді таңғалдыруда.

2021 жыл - спорттық тұрғыдан Физиев үшін тамаша өтті. Тамызда ол Бобби Гринді жеңіп, кештің "үздік жекпе-жегі" жүлдесін иеленді. Ал желтоқсан айында кештің үздік файтері атағын алды. Ол Лас-Вегаста Брэд Ридделмен жолығып, үшінші раундта нокаутпен жеңді", - деп жазады дереккөз.