Қазақстан ұлттық құрамасы грек-рим күресінен көш бастады

21 сәуір 2022, 00:50

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. 
 
Құрлық біріншілігіне Қазақстан сапынан 10 спортшы қатысып, оның 9-ы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. 

Сондай-ақ грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында көш бастады. 

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша "классиктер" барлығы 180 ұпайға ие болған. Иран құрамасы екінші болса, Қырғызстан балуандары үздік үштікті түйіндеді.