Спорт

"Қазақстанда бәрі сатылады" деп желіні шулатқан волейболшыға Илья Ильин қолдау білдірді

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Қазақстандық ауыр атлет және Қазақстан спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы Илья Ильин айтқан сөзі желіні шулатқан волейболшы Алеся Сафроновға қолдау білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Бұл жазбамда әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы Алеся Сафронова камераға ойындар әділ болмайтынын, төрешілер қарсылас командаға жеңіске жетуге көмектескенін айтты және айтқандары үшін кешірім сұрады. Ол ешкімді айыптағысы келмегенін және бұны эмоциямен айтқанын жеткізді. Ал мен өз тарапымнан айтқым келетіні - ол айтты, айтқаны үшін кешірім сұрады. Енді оған ескерту жасап, бір ойыннан шеттетіңіздер және осымен бәрін ұмтылсын. Неге спортшыға қысым көрсетіп жатырсыздар? Спорт деген эмоция... Федерация өкілдері бұндай жағдайда адамның жан дүниесінде не болып жатқанын сіздер жақсы түсінулеріңіз керек қой. Сіздерден бұл мәселені дұрыс шешуді сұраймын. Ойыннан шеттетіңіз тіпті, болмағанда екі ойыннан. Сол кезде барлық спортшыларға камераға мұқият сөйлеу керектігі түсінікті болады", - дейді Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.

 

Айта кетейік, қазақстандық "Жетісу" клубының волейболшысы Алеся Сафронова даулы мәлімдемесінен кейін бірнеше уақытқа ойыннан шеттетілгенін хабарлаған едік.

 

Алеся ойын барысындағы тайм-аут кезінде эмоцияға беріліп, телекамераға "Қазақстанда бәрі сатылады. Федерацияда да", деп айтқан.

 

Дегенмен ол бұл сөздері үшін кешірім сұрап, қызуқандылықпен айтқанын жеткізді.

 

 




Көрілген: 1649    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31