Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда ойнайтын қақпашы – әлем чемпионатында

29 сәуір 2011, 10:07

Шайбалы хоккейден ертең Словакияда басталатын әлем чемпионатында Қазақстан біріншілігінде ойнайтын бір қақпашы өнер көрсететін болды.
Осы аптаның ортасына қарай 2011 жылғы әлем чемпионатына қатысатын дүниежүзінің 16 үздік құрамасы өздерінің ұлттық құрамаларының сапын жариялай бастады. Биылғы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионында Қазақстан құрамасы жоқ болса да, төл біріншілігімізде ойнайтын бір қақпашы осы дүбірлі додаға қатысатын болды. Ол – биыл «Бейбарыс» (Атырау) клубының тұңғыш рет Қазақстан чемпионы болуына сүбелі үлес қосқан латыш қақпашысы Мартиньш Райтумс. Латвия құрамасының бас бапкері, көп­шілікке танымал білікті маман Олег Знарок атыраулықтардың тасқамал қақ­пашысын деңгейі өте жоғары додаға шақыртып отыр. Бұл – біздің төл чемпионатымыз үшін үлкен жетістік. Қазақстан чемпио­натында өнер көрсететін қақпашы, не­гізінен, ҰХЛ мен ҚХЛ клубтарының ойыншыларынан жасақталған деңгейі жоғары құрамалар арасында додаға түсетін болды. Әрі бұл биыл бірінші дивизионда ойнаса да, Қазақстан чемпионатындағы бірде-бір ойыншыны көзге ілмей жүрген біздің құраманың бас бапкері Андрей Хомутовқа ой салса екен дейміз.
Сондай-ақ «Барыс» клубының сапында ойнайтын чехиялық екі әлем чемпионының бірі де Словакиядағы мундиальда өнер көрсететін болды. Чехия құрамасының бас бапкері А.Гадамчик бұл жолы тек Иржи Новотныды ғана шақыртып отыр. Өкінішке қарай, Лукаш Кашпар биыл Чехия құ­рамасының сапына іліккен жоқ.
Енді бір ескерерлік жайт, Ресей құрамасының сапындағы екі қақпашы – Қазақстан тумалары. Олар – Евгений Набоков пен Константин Барулин. Кеше түске дейін Германия құрамасы өзінің құрамын жариялаған жоқ. Негізі, не­містердің де ұлттық құрамасының сапында Қазақстан тумалары болуы керек.