Спорт

Қазақстанда президенттің тапсырмасымен Олимпиадаға бөлінген қаражатқа тексеріс басталды

  • Қазақстанда президенттің тапсырмасымен Олимпиадаға бөлінген қаражатқа тексеріс басталды

    Қазақстанда президенттің тапсырмасымен Олимпиадаға бөлінген қаражатқа тексеріс басталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Токио Олимпиадасына бөлінген қаржының аудитін бастады, деп мәлімдеді Есеп комитеті. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық үшін бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде", - делінген хабарламада.

 Ұлттық Олимпиада комитеті Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Мәдениет және спорт министрлігі арқылы 15,6 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың ішіне спортшылардың жалақысы, құрал-жабдықтар сатып алу, медициналық қолдау, оқу-жаттығу жиындары мен лицензиялық старттарға қатысу кіреді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Ұлттық құрама командасының Токиодағы ойынның нәтижесі елдің спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға бөлетін үлкен қаражатына сәйкес келмейтінін айтқан болатын. 

"8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-ші орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді. Ұлттық құраманың Олимпиадалық ойындардағы көрсеткіші спорт сияқты маңызды салада шұғыл, тиімді реформаларды қабылдау қажеттігін көрсетеді. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға назар аудару керек және осының негізінде әлемдік аренада керемет табысқа жетуге ұмтылу қажет", - деп жазған ол Twitter парақшасында.

Stan.kz




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 15:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31