Спорт

Қазақстандық 6 спортшы спорттан шеттетілді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданған және жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.

 

2020 жылдың басынан бері тыйым салынған дәрі-дәрмектер пайдаланған 11 атлет ұсталды. Оның ішінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар.

 

Оның сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стериод Туринабол (Орал) табылып, спортшы төрт жылға жарыстан шеттетілді.

 

Сондай-ақ, шаңғышы Алексей Полтаранинге қатысты шешім қабылданды. Ол 01.03.2019 жылдан 01.03.2023 жылға дейін үлкен спорттан сырт қалады.

 

Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар қатарында Азия ойындарының қатысушысы Любовь Ушакова, 2019 жылғы Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері, тректегі велоспорттан Гран-при турнирінің жүлдегері Роман Василенков, волейболдан Қазақстан командасының мүшесі Антон Кузнецов және хоккейші Владислав Никифиров бар.

 

Олардың барлығы екі жылдан төрт жылға дейін спорттан шеттетілді.

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 08:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30