Спорт

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

  • Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

    Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

Зүлфия Чиншанло – допинг дауынан кейін марапаттарынан айырылып, спорттан шеттетілсе де карьерасын жалғастырған жалғыз Олимпиада чемпионы. Ол тағы Олимпиадаға баруға бел буып отыр. Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Зүлфия Чиншанло Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына орайластырылған ауыр атлетикадан халықаралық кубокта күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы қатысқан Халықаралық кубок онлайн режимінде өткізілген алғашқы турнир болды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

"Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 200 (85 + 115) килограмм көтерді", - делінген ҰОК хабарламасында.
205 (95 + 110) килограмм көтерген турнир қожайыны, Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева бірінші орынды иеленді.

Польшадан келген ауыр атлет Йонна Лочовска үшінші орынды қанағат тұтты. Оның нәтижесі – 185 (80 + 105) килограмм.

Айта кетейік, Чиншанло 2012 жылы Олимпиада чемпионы болған кезде, қоссайыс қорытындысы бойынша 226 (95 + 131) килограмм көтерген болатын. Кейін допинг қолданғаны үшін алтын медалінен айырылды. 




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31