Спорт

Қазақстандық балуандар Қытайда топ жарды

  • 24.kz

    24.kz

Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқ­талды.


Әсет Серікбаев шәкірт­тері құрлықтық додада 5 медаль жеңіп алды. Нұрқожа Қай­панов (70 келі) пен Данияр Қайсанов (74 келі) топ жарса, Саят­бек Оқасов (65 келі) финалдық жекпе-жекте сүрінді.


Ал Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Ерғали Әлішер (97 келі) қола жүлде­герлер қатарында.


Әйелдер құрамасына бұйырғаны – төрт қола медаль.


Алдымен Валентина Ис­ла­мова мен Марина Седнева үздік үштікке іліксе, келесі күні Айна Те­міртасова (65 кило) мен Жәмила Бақ­бергенова (65 кило) қола медальға қол жеткізді.


Біріншілікті қорытындылаған грек-рим күресінің өкілдері алтынсыз қалды.


67 килоға дейінгі салмақта финалға шыққан Мейіржан Шермаханбет кореялық Рю Хан Суға 1:5 есебімен жол берді.


Ал Қорлан Жақанша (55 келі), Демеу Жадыраев (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі), Мақ­сат Ережепов (82 келі), Азамат Құс­тұбаев (87 келі), Дамир Күзембаев (130 келі) қоланы қанағат тұтты.


24.kz


 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 17:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31